česky  қазақша  по-русски 

Кеңейтілген іздеу
na_celou_sirku
Photo: Чех Елшiлiгi
Article notification Print Decrease font size Increase font size Facebook logo LinkedIn logo

Чехияның қорғаныс өнеркәсібі Қазақстанда жақсы беделге ие

Чехияның Астанадағы Елшілігі 2023 жылғы 10-16 қыркүйекте Қазақстанның әскери-өнеркәсіп кешенінің тоғыз өкілінің Чехияға іскерлік миссиясын ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты бір-бірімен танысу, сондай-ақ қазақстандық мүдделі тараптарды Чехияда бұрыннан келе жатқан дәстүрі бар осы салада жұмыс істейтін чех компанияларымен коммерциялық байланыстыра алу болды. Іс-шара Чехияның Қорғаныс министрлігі қаржыландыратын экономикалық дипломатияны қолдау жобасы ретінде ұйымдастырылды. Миссия барысында қатысушыларына бірқатар чех компаниялары таныстырылды. Қазақстандық өкілдер өнімнің практикалық көрсетілімдерін ерекше бағалады.