Чехия Премьер-Министрінің Қазақстанға ресми сапарына орай чех-қазақ бизнес форумы
03.05.2023 / 09:49 | Aktualizováno: 03.05.2023 / 09:51
Чехия Премьер-Министрінің Қазақстанға ресми сапарына орай чех-қазақ бизнес форумы
Чехияның Премьер-Министрі Қазақстанға ресми сапарына орай 2023 жылғы 24 сәуірде Астанада Чех Республикасының Премьер-Министрі Петр Фиала мен Қазақстанның Премьер-Министрі Әлихан Смайлов қатысуымен чех-қазақ бизнес-форумы өтті. Бизнес-делегация Чехия Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірге қорғаныс өнеркәсібі, машина жасау, жылжымалы құрам өндірісі, авиация өнеркәсібі және т.б. салаларға бағытталған компаниялардан құралды. Атап айтқанда, бұл OMNIPOL a.s., STV Group, Česká zbrojovka a.s., Colt CZ Group SE, ERA a.s., EXCALIBUR INTERNATIONAL a.s., PAMCO INT. a.s., TELMO a.s., EXCALIBUR ARMY, s.r.o., Vrgineers Inc., Phonexia s.r.o., IQS Group s.r.o. Сондай-ақ ŽĎAS a.s., Škoda Transportation a.s., EGT Express CZ s.r.o., InClaris Cionsulting s.r.o. өкілдері қатысты. Бизнес-делегацияның құрамында EGAP a.s. экспортқа кепілдік және сақтандыру компаниясының өкілдері қатысты. Оған қоса чех компанияларының жобаларын қаржылық қолдауға дайын екендіктерін білдірген Чехияның Экспорт банкі. Форумның мақсаты екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайтып, кәсіпкерлік субъектілері арасында тікелей келіссөздер жүргізуге мүмкіндіктер жасау болды.