česky  қазақша  по-русски 

Кеңейтілген іздеу
na_celou_sirku
Photo: ZU Astana
Article notification Print Decrease font size Increase font size Facebook logo

Чех Республикасының Ұлттық мерекесі Астанада аталып өтті

2025 жылғы 26 қыркүйекте Rixos President Astana қонақ үйінде Чех Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Чехияның Ұлттық күніне орай салтанатты қабылдау өткізді. Іс-шараның құрметті қонағы Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс Вице-министрі Рахымжан Исақұлов болды. Қабылдауға дипломатиялық корпус мүшелері, бизнес, мәдениет және білім салаларының өкілдері қатысты.

Қазақстандағы Чех Республикасының Уақытша сенімді өкілі Йосеф Богач құттықтау сөзінде екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың өзара құрметке және ортақ мүдделерге негізделгенін атап өтті. Ол сауда, инвестиция, мәдениет және білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейдегі ресми сапарлармен нығайып келе жатқанын жеткізді. Ерекше атап өтілген жайт - екіжақты сауда көлемінің 2024 жылы 13 %-ға өсіп, 1,6 млрд АҚШ долларына жетуі.

Өз тарапынан Вице-министр Рахымжан Исақұлов Чехия мен Қазақстанның кең ауқымды серіктестігінің берік негізін атап өтіп, оның одан әрі дамуына сенім білдірді. Сондай-ақ, ол чех компанияларының екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Мәдени бағдарлама аясында Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттерінен құралған квартет танымал әлемдік және чех класикалық шығармаларды тамаша орындап, қонақтардың ыстық ықыласына бөленді. Қонақтарға Чехияның мәдени мұрасына арналған ЮНЕСКО фотокөрмесі ұсынылды. Сонымен бірге, Чехияны туристік және мәдени бағыт ретінде таныстыратын бейнематериалдар көрсетілді.

Дәстүр бойынша қонақтарға Rixos President Astana қонақ үйінің бас аспазшылары әзірлеген тағамдар, чехиялық České Budějovický Budvar сырасы мен Becherovka ликері ұсынылды.

Қабылдау Allur, Budweiser Budvar, Caravan Beverage Group, Hamé, Home Credit Bank, Omnimed, Omnipol, Serenity Wellness & Spa және Triumph Travel компанияларының қолдауымен өтті.

Galleries


Czech Statehood Day 2025