Чех Республикасының Ұлттық күніне орай салтанатты қабылдау
10.11.2023 / 08:57 | Aktualizováno: 10.11.2023 / 09:03
2023 жылғы 27 қазанда Астанадағы Чех Республикасының Елшілігі Rixos President Astana қонақ үйінде Чехияның Ұлттық күніне орай салтанатты қабылдау ұйымдастырды. Салтанатты шараның қазақстандық тараптан құрметті қонағы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова болды. Қабылдауға сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері, қоғамдық-саяси өмір өкілдері, чехиялық серіктестермен ынтымақтастық жасайтын компаниялардың өкілдері, мәдени-ағарту мекемелерінің өкілдері және Қазақстанда тұратын чех азаматтары қатысты. Әлеуметтік-мәдени шараға 250 қонақ қатысты.