Қазақстан Республикасындағы Чех Республикасыныӊ Елшілігі Астанада Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі ұйымдастырған EuroFest-2025 фестиваліне қатысты
04.06.2025 / 11:18 | Aktualizováno: 04.06.2025 / 11:21
2025 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасындағы Чех Республикасының Елшісі Павол Шепеляк EuroFest-2025 фестиваліне қатысты. Аталған іс-шара Астанада екінші рет өтіп, Еуропалық Одаққа мүше елдердің, ЕО жобалары мен серіктес ұйымдардың өкілдерін біріктірді.
Чех Республикасы Елшілігінің стенді фестивальдегі ең танымал орындардың бірі болды. Қонақтар аты аңызға айналған Budvar чех сырасына ерекше қызығушылық танытып, оның бай дәстүрлері мен жоғары сапасы жайында көбірек білді. Қонақтар сырадан дәм татып, чех сыра мәдениетімен танысты.